Loading...

Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының №6 мектебінде ұйымдастырылған “Жасыл Челлендж”

Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген аталы сөз бар. Асыл дінімізде де тал егу, жеміс ағаштарын отырғызу сауапты амал саналады.

Бір адам қазған құдықтан мың адам су ішсе, бір адам еккен ағаштың көлеңкесі де көп адамға сая болады. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады.

Бұл фотоларда өткенде Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының @kuryk.6mektep 6 мектебінде ұйымдастырылған #ЖасылЧеллендж игі шарасы.

Оқушылар мен мектеп ұжымы, қадірлі қонақтар белсене қатысқан шарада түрлі ағаштар отырғызылып, мектеп ауласына жаңа дем берді.

Сауаптан болсын! Барлық қатысушыларымызға көп рахмет!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.

You may use these <abbr title="HyperText Markup Language">html</abbr> tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

*